Кассадағы бағадан төмен
Отын құны отынның түрі мен компанияңыздың жанармай құю көлемін ескере отырып жеке есептеледі.
Барлығы корпоративтік клиенттерге қолайлы болуы үшін
Жеке менеджер
Всегда на связи: помогает
с документами и подбирает оптимальные условия под ваш объём
Шығындарды толық бақылау
Бизнес-кабинетте әр жанармай құю сәті көрсетіледі: қай жүргізуші, қашан және қанша. Лимиттер белгіленеді, картаны бұғаттауға болады.
Қағазбастылықсыз жұмыс
Шоттар, актілер мен есептер электронды түрде жіберіледі. Қағаздарға қол қоюдың немесе кеңсеге барудың қажеті жоқ – уақытыңызды үнемдейміз.
Өз міндеттеріңізге сай форматты таңдаңыз
Отын карталары
- Шотыңызды толтырып, қаражатты жүргізушілер арасында бөлесіз
- Әр картаға жеке лимит орнатуға болады
- Карта жоғалған жағдайда оны бұғаттауға болады
- Барлық операциялар бизнес-кабинетте көрсетіледі
Отын талондары
- Литрмен беріледі, екі айға дейін жарамды
- Электронды түрде QR-кодпен жіберіліп, бірден бизнес-кабинетте пайда болады
- Көлемін нақты бақылау маңызды болған жағдайда тиімді
Жиі қойылатын сұрақтар
Отын талоны мен отын картасының айырмашылығы неде?
Отын талоны — алдын ала төленген отынның белгілі бір көлеміне берілетін қағаз немесе электронды құжат. Оның жарамдылық мерзімі шектеулі. AURIKA АЖҚС-та және серіктестерде қабылданады.
Отын картасы — жанармай құюға арналған көп рет қолданылатын карта. Ол лимиттерді белгілеуге, жүргізушілер арасында қаражатты немесе отын көлемін бөлуге және бизнес-кабинет арқылы шығындарды бақылауға мүмкіндік береді.
Отын талондары қанша уақыт жарамды?
Талондарының жарамдылық мерзімі — 2 ай.
Қандай отын өнімдерін сатып алуға болады?
AURIKA АЖҚС заңды тұлғаларға арналған отын карталары мен талондарын ұсынады:
- Литрлік отын картасы — алдын ала төленген литрдағы отын көлемі шегінде жанармай құюға мүмкіндік береді.
- Ақшалай отын картасы — электронды әмиян ретінде жұмыс істейді. Отын карта балансындағы қаражат есебінен АЖҚС-тағы қолданыстағы баға бойынша төленеді.
- Отын талондары — белгілі бір отын көлеміне берілетін қағаз немесе электронды (QR-код) талондар.
Шартты рәсімдеу үшін кеңсеге бару қажет пе?
Жоқ, шартты қашықтан рәсімдеуге болады.
- Өтінім қалдырасыз.
- Жеке менеджер сізге электронды шарт дайындайды, оған кеңсеге бармай-ақ, TrustMe сервисі арқылы онлайн қол қоя аласыз.
- Ұсынылған шот бойынша төлем жасап, таңдаған отын өніміңізді аласыз.
Отын талондары қай жерде жарамды?
Талондар AURIKA желісінің барлық АЖҚС-тарында, сондай-ақ серіктес АЖҚС-тарда қабылданады. Қолжетімді станциялар тізімін менеджерден нақтылай аласыз.
CRM-форма появится здесь
